Мектеп миссиясы
Оқыту нысандарының (күндізгі, кешкі, сырттай, жеке оқыту, экстернат) икемді кестесін ұсыну арқылы, әр-түрлі жастағы адамдарға білім беру қызметін алу, сонымен қатар, мектеп-колледж жобасы арқылы оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Нәтижесі – өзін-өзі анықтауға дайын табысты түлек.
2000 жылдың 14.03 № 31-248 бойынша Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесінің шешімімен «№ 1 кешкі мектеп»КМҚК «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ болып қайта құрылды.
2008 жылдың 02 қыркүйегінде № 22-1024 п бойынша Астана қаласы Әкімшілігінің Жарлығымен Астана қаласы Білім басқармасының «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» ММ болып өзгертілді.
Қазіргі уақытта «№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ – бұл өзінің ерекшелігімен, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектеп.
Мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжым өзінің жұмысында келесіні басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
- ҚР «Білім туралы» заңын.
- ҚР Еңбек кодексі.
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Үкіметінің жарлықтарын, нормативтік-құқытық актілерді, басқа да заңдар мен қаулыларды.
- Орта білім беру ұйымдары туралы типтік ережелерді .
- Мектеп жарғысын.
- Типтік оқу жоспарын (№441 бұйрық 04.09.2018 ж.).
Оқыту нысаны – күндізгі, сыртқы, экстернат және жеке оқыту. Сабақ 3 ауысымда жүргізіледі: бірінші ауысымда 9-11 (күндізгі) сыныптар оқиды, екінші ауысымда – 10 сыныптар (күндізгі) және жекет оқыту топтары, үшінші ауысымда - 9-11 сыныптар (сырттай оқыту).
Біздің оқушыларымыз тек қана жалпы орта білімді алу мүмкіндігімен шектелмейді, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Көпбейінді колледжінде қосымша келесі мамандықтарға ие болады:
- Автокөлікті жөндеу және пайдалану, техникалық қызмет көрсету;
- Аспазшы – кондитер;
- Туризм менеджері.
Оқуды аяқтағаннан кейін, жалпы орта білім туралы аттестатпен қатар, оқушылар орта кәсіби білім туралы диплом немесе сертификат алуға мүмкіндіктері бар.