«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша ақпарат

Қазақстанда  білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың және  «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған  кешенді жоспары  құрылды.  Осы жобаны іске асыру үшін  кітап оқу құзіреттілігін арттыруға бағытталған  іс-шаралар ұйымдастырылды.

Біздің мектептің кітапханасында  «Оқуға құштар мектеп»   жобасы бойынша  «Адал кітапхана - Буккроссинг» көрмесі ашылды. Көрмеден  қазақ  жазушылары мен отандық классиктер кітапханасы қорынан да көптеген  атақты шығармалар орын алды. Көрмеден сонымен бірге шетел әдебиетінің шығармаларын, фантастика мен детектив, ертегілер мен өлең жинақтарын алып оқуға болады. Оқушылар да ұстаздармен бірге көрмеден таңдаған  кітаптарын тауып, оқуға кіріскен.

Сонымен қатар кітапханада «Мектепке кітап сыйла» акциясы да ұйымдастырылған. Акцияға мектеп оқушылары мен ұстаздар да өз үлестерін қосуда. Оның ішінде 10 «Ә», 11 «Ә» сыныптары белсенді қатысып жүр. Сыйға тартқан  кітаптардың ішінде классика мен заманауи шығармалар, балалар әдебиеті, ертегілер, сөздіктер де кездеседі. Кейбір   мектеп бағдарламасы бойынша   өтетін көркемдік шығармалардың арасынан атақты  әлемдік әдебиеттерді табуға  болады. Мысалы: Сайын Мұратбеков «Екі томдық шығармалар», Ілияс Есенберлин «Шығармалар жинағы»  4 том, Тұрсынбек Кәкішұлы «Сәкен аялаған арулар», Қабдеш Жұмаділов  «Шығармалар жинағы» 2 том, Қалдарбек Найманбаев «Таңдамалы» 1, 2 томдар, Сейдахмет Бердіқұлов «Таңдамалы» 1, 2 томдар, Оноре де Бальзак «Горио атай» т.б.

2022 жылдың 25 сәуірінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша  10 «А» сыныбында сынып сағаты өтті. Мұнда  «Оқуға тиіс 100 кітап тізімі» мен «Президент оқуға ұсынған 30 кітап» сериясынан  алынған әдеби  кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.  Кітап көрмесімен оқушыларды сынып жетекшілері мен  кітапхана меңгерушісі таныстырды. Сынып сағатында өздері оқыған кітаптарынан Саранча Арина өлең оқып, көркем шығармадан  Сыздыкова  Камила 5 минуттық үзіндіні дауыстап оқыды.