«№39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ-де 11-15 сәуір аралығында Ғылым күнінің өткізілу туралы ақпарат

12 сәуір Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен «Ғылым қызметкерлері күні» болып белгіленді. Бұл тарихи мереке Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – академик Қ.И. Сәтпаевтың туған күніне орайластырылды. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрды, өзінің бүкіл өмірін ғылымға және оның туған елде дамуына арнады. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.

«№39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ-де  2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында Ғылымкүнін ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды.

Мектепішілік жоспарға сәйкес 11.04. күні 10-11 сыныптар арасында «Мұхтар әлемі» тақырыбында заңғар жазушы М.Әуезовтің 125-жылдығына арналған әдебие кеш өтті. Ұйымдастырып өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айсариева П.А. Іс-шараның мақсаты – заңғар жазушының өмір жолы мен шығармашылығынан білімдерін тереңдетіп, оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу арқылы ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту. Кеш барысында оқушылар қаламгердің шығармаларынан үзінді оқып, шағын көрініс ұйымдастырды.

12.04. күні жоспарға сәйкес академик Қ.И.Сәтбаевтың 123жылдығы мен Ғылым күніне орай 10-11 сыныптар арасында  "Қ.А.Сәтпаев" тақырыбында диктанттар алынды. Іс-шараға жауапты орыс тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімдері Мукашева Лязат Жумагуловна және Акылова Лязат Айтымовна болды. Диктант оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, қызықтыратын пән салалары бойынша білімдерін тереңдетуге ықпал ету, тарихисауаттылықтыарттыружәнеғалым Қ.Ә. Сәтбаевтуралықосымшаақпараталумақсатындаөткізілді. 10-11 сыныптар бойынша диктантты 25 оқушы жазды.

Диктант жазу барысында оқушылар атақты ғалымның өмірі мен еңбек жолымен танысты. Сонымен қатар ғылымның ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқаратын білді. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізусіз, цифрландырусыз экономикада да, әлеуметтік салада да жетілу мүмкін еместігіне көз жеткізді. Қазақстандық ғалымдардың еңбегімен, күш-жігерімен Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық прогресіне, ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосып жатқандығы туралы қорытынды жасады.

Жоспарға сәйкес 13.04. күні жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 9-10 сыныптарда «Физика – табиғат туралы ғылым» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Канжигитова Г.Б.  Сабақ барысында оқушылар физикалық құбылыстарды, табиғатты зерттеу әдістерімен таныса отырып, физикалық заңдардың қалай ашылатынын білді. Сабақ жоспарына сәйкес оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырылды.

14.04. күні жоспарға сәйкес тарих пәнінің мұғалімдері Г.Аскарбекова мен С.Жакупованың ұйымдастыруымен «Мұражай ісі. Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі мұражайлардың рөлі» тақырыбында мұражайда сабақ өткізілді. Сабаққа 9-10 сыныптар бойынша 13 оқушы қатысты. Сабақ С.Сейфуллин атындағы  мұражайда өтті. Сабақ барысында оқушылар мұражайдағымұрағат, құжаттар мен Сәкенніңқолжазбалары, тұтынғансиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, т.б. құндыжәдігерлермен танысты. Сондай-ақС.Сейфуллинніңкөзітірісіндежарықкөргенкітаптартоптамасы, фотосуреттері, Сәкентөңірегіндегітұлғаларғақатыстықұжаттар мен жәдігерлержиынтығымен танысты. Оқушылар мұражай сабағынан ерекше әсермен оралды.

Ғылым күніне арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес 15.04. күні 8и сыныбында география пәнінің мұғалімі К.Асылованың ұйымдастыруымен «География тапқырлары» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп география пәні бойынша білімдерін ортаға салды. Ойын барасында оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізіп, жұмыстарының танысырылымын сәтті ұйымдастыра білді. Ойын өте қызықты және мазмұнды болды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туребекова Б.Т.